Accessibility links

Порошенко, Олланд, Меркель Берлинде кездеседі


Украина президенті Петр Порошенко мен Германия канцлері Ангела Меркель.
Украина президенті Петр Порошенко мен Германия канцлері Ангела Меркель.

Украина президенті Петр Порошенко, Франция президенті Франсуа Олланд және Германия канцлері Ангела Меркель бүгін Берлинде кездесіп, Минск келісімін талқылайды. Үш ел президенті кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы уақытта Украинаның шығысындағы қақтығыс салдарынан Минск келісімі жиі бұзылып, Украинаның шығысындағы қақтығыстар жиілеп кеткен. Украина мен сепаратистер Мариупольдағы шабуылдарға бір-бірін айыптаған.

2014 жылдың сәуірінен бері Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыстан 6400-ден астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG