Accessibility links

Шведова әлемдік рейтингте 19 саты жоғарылады


Ярослава Шведова.

Ярослава Шведова.

WTA-ның (Халықаралық әйелдер теннисі қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде қазақстандық теннисші Ярослава Шведова 106-орыннан 87-орынға көтерілді.

Ол өткен аптада Цинцинаттидегі теннис турнирінің бірінші айналымында испаниялық әлемнің 8-ракеткасы Гарбин Мугурусаны жеңген еді. Осы жеңісінен кейін ол рейтингте 19 саты жоғарылап, ТОР-100 қатарына енді.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс 33-орыннан 34-орынға төмендеді. Ол өзі қатысқан соңғы төрт турнирдің барлығын бірінші кезеңнен аяқтаған.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 77-орнын сақтап қалды.

XS
SM
MD
LG