Accessibility links

Қытай акциялары жеті пайызға арзандады


Гонконг қор биржасындағы Shanghai Composite және Shenzhen композит индекстері көрсеткіші. (Көрнекі сурет).

Гонконг қор биржасындағы Shanghai Composite және Shenzhen композит индекстері көрсеткіші. (Көрнекі сурет).

Азия қор нарықтарында бүгін сауда басталғанда Қытайдың биржа индекстері жеті пайызға арзандады. Шанхай қор биржасының Shanghai Composite индекстері 7,05 пайызға, Шэньчжень қор биржасының Shenzhen Composite индексі 7,02 пайызға төмендеді.

Өткен аптада инвесторлар Қытай үкіметінің нарықты қолдауынан және Wall Street-тегі акцияларын жаппай сатуынан қауіптене бастағандықтан Қытай биржа индекстері 11 пайызға құлдыраған.

Қор биржаларында бүгін Nikkei индексі 3,09 пайызға арзандады. Индекстердің түсуі Қытай экономикасы жағдайына қатысты алаңдаушылықтан туған.

XS
SM
MD
LG