Accessibility links

Жапония: АҚШ әскери базасы маңында жарылыс болды


Сагамихара қаласындағы АҚШ әскери базасы маңы. Жапония, 24 тамыз 2015 жыл.

Сагамихара қаласындағы АҚШ әскери базасы маңы. Жапония, 24 тамыз 2015 жыл.

Токио түбінде орналасқан АҚШ әскери базасы маңында жарылыс болды деп хабарлады бүгін АҚШ қорғаныс министрлігі.

Өрт сөндірушілер жарылыстан шыққан өрттің маңайдағы ғимараттарға жайылып кетпеу шараларын жасап жатыр.

Пентагонның мәліметінше, Токиодан оңтүстік-шығысқа қарай 40 километр қашықтықтағы Сагамихаре қаласында Сосю қоймасында жарылыс 24 тамызға қараған түні болған.

АҚШ әскерилері жарылысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз екенін және төтенше оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоғын айтады. Қоймада қауіпті заттар болмаған.

XS
SM
MD
LG