Accessibility links

Мәскеу қор биржасында рубль бағамы тағы түсті


Рубль (Көрнекі сурет).

Рубль (Көрнекі сурет).

Мәскеу қор биржасында таңертеңгілік саудада бір АҚШ доллары бағамы 70 рубльден, бір еуро бағамы 80 рубльден асты.

Ресей рублі бағамы құлдфраған тұста Ресейдің РТС және ММВБ индекстері де төмендей бастады. Рубль бағамының құлдырауына әлемде мұнай бағасының соңғы алты жылда болмаған бағаға дейін арзандауы себеп болып отыр. 24 тамыз күні таңертең Brent маркалы мұнай баррелі 45 доллардан төмендей түскен.

Рубль бағамының құлдырауы шілденің екінші жартысында басталған. шілденің 20-сы мен тамыздың 20-сына дейінгі бір айда рубльдің еуро мен долларға шаққандағы бағамы 20 пайыздан көп құлдырады.

XS
SM
MD
LG