Accessibility links

Березовка тұрғындарына жаңа үйлерін көрсетті


Березовка ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан үйлер. Ақсай қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 24 тамыз 2015 жыл.
Березовка ауылының тұрғындарына арнап салынып жатқан үйлер. Ақсай қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 24 тамыз 2015 жыл.

Батыс Қазақстан облысындағы тұрғындары белгісіз газдан жаппай уланған Березовка ауылының тұрғындарына көшетін жаңа үйлерін көрсеткен. Бұл туралы Азаттық тілшісіне тұрғындардың өздері хабарлады.

Баласы уланған ауыл тұрғыны Қазбек Іркімбаевтың айтуынша, «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг» (ҚПО) он шақты тұрғынды Бөрілі ауданындағы Ақсай қаласына апарып, 126 пәтерлі бес қабатты екі үйді көрсеткен.

Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа қарағанда, тұрғындарды көшірудің алғашқы кезеңі 2015 жылдың соңына дейін бітіру жоспарланған. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік жағдайына қарап бөлінбек.

Халықты көшірудің екінші кезеңі 2016 жылға жоспарланған. Тұрғындарға Ақсай қаласынан тоғыз қабатты үйден пәтер немесе Бөрлі ауылынан 10 сотық жері бар үй ұсынылады.

Қазір Березовка тұрғындарының ауылдағы баспаналарын бағалау жұмыстары жүріп жатыр.

Үкімет Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының санитарлық аймағының кеңеюінен Березовка мен Бестау ауылының тұрғындарын көшіруге шешім қабылдаған.

Қарашығанақ кен орнынан бес километр жерде орналасқан Березовка ауылында 2014 жылдың қарашасында балалар жаппай улана бастаған. Ауыл тұрғындары балалардың улануына кен орнынан шыққан газ себеп десе, Қарашығанақ кен орнын игеруші компания тұрғындар сөзімен келіспейтіндерін айтқан.

Облыс прокуратурасы 20 оқушының улануына қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG