Accessibility links

Порошенко: Украина әскер санын көбейтеді


Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 24 тамыз 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко. Киев, 24 тамыз 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Киев елдің оңтүстік-шығысындағы ресейшіл сепаратистер шабуылына тойтарыс беру үшін әскер санын көбейтетінін мәлімдеді. Порошенко бұл жайында бүгін Киевтің орталығында өткен Украина тәуелсіздігі күніне арналған әскери маршта айтты.

Порошенконың сөзінше, Украина-Ресей шекарасында Ресейдің 50 мың сарбазы шоғырланған, ал 9 мың ресейлік әскери Украина шығысындағы сепаратистерге болысып жүр. Украина президенті бұған қоса өткен аптада Украина территориясына қарай шекарадан жаңа әскери техникалар өткені байқалғанын да айтты.

2014 жылдың сәуірінде басталған украин үкімет әскері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 6 мың 800 адамнан асты.

Ақпан айында Минскіде жасалған бейбіт келісім жиі бұзылып, Киев пен сепаратистер оқ атты деп бір-бірін айыптайды.

Порошенко 24 тамызда Берлинде Германия канцлері Ангела Меркель және Франция президенті Франсуа Олландпен кездеседі. Кездесуде президенттер Минск келісімінің орындалуы жайын талқылайды деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG