Accessibility links

Хэммонд: Иран санкциясы келесі жылы көктемде алынады


Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммонд (сол жақта) Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп тұр. Тегеран, 24 тамыз 2015 жыл.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммонд (сол жақта) Иран президенті Хассан Роуханимен кездесіп тұр. Тегеран, 24 тамыз 2015 жыл.

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хэммонд Иранға салынған экономикалық санкциялар келесі жылдың көктемінен алына бастайтынын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында
Хэммонд бүгін Тегеранға Ұлыбритания елшілігін ашуға барған сапарында айтқан.

Хэммонд Иран мен АҚШ шілдеде Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты жасалған келісімді қазан айына қарай бекітетінінен үмітті екенін білдірген.

Хэммонд Ираннан санкцияларды алынбас бұрын алдын ала дайындық жұмыстары жасалуы шарт екенін, тек содан кейін ғана бұл елге инвестиция құйыла бастайтынын айтты.

Филип Хэммонд Иран президенті Хассан Роуханимен кездескеннен кейін оның диалог орнатуға аса бейіл екенін әрі Тегеранның Ұлыбританиямен және батыс елдерімен жаңа қарым-қатынас орнатуға ынталы екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG