Accessibility links

SCAT халықаралық рейстер билеті бағасын қымбаттатады


SCAT компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет)

SCAT компаниясы ұшағы. (Көрнекі сурет)

SCAT әуе компаниясы 25 тамыздан бастап халықаралық бағыттарға ұшақ билеті бағасын 20 пайызға қымбаттатпақ.

Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, билет бағасының қымбаттауы Қазақстан үкіметінің теңге бағамын еркін айналымға жіберуімен және авиация саласында қызмет көрсету шығындарының көпшілігі АҚШ долларымен өтелетінімен байланысты.

Бірер күн бұрын Air Astana компаниясы да теңге бағамының еркін айналымға жіберілуіне байланысты халықаралық бағыттарға билет құнының 25 пайызға қымбаттатқаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG