Accessibility links

Дзю-додан Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 килограмм салмақ финалында қазақстандық екі балуан Елдос Сметов пен Рустам Ибраев кездесті. ​

Финал қорытындысы бойынша Елдос Сметов жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Ал Рустем Ибраев күміс жүлдеге ие болды. Финал алдында Сметов жапониялық Тори Шишимені, ал Ибраев 2014 жылғы әлем чемпионы моңғолиялық ​Болдбаатар Ганбатты жеңген.

Астанадағы әлем чемпионаты 30 тамызда аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан 18 балуан қатысып жатыр.

XS
SM
MD
LG