Accessibility links

Лавров: АҚШ қатынасты жақсартуға ниетті


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ Мәскеумен қарым-қатынасын "жақсартқысы келетіні" туралы белгі бере бастады деп мәлімдеді.

Мәскеу Украинаның Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы қақтығысқа араласа бастағаннан кейін Ресей мен батыс елдерінің қарым-қатынасы қырғи-қабақ соғыс кезеңінен бері болмаған деңгейде нашарлап кеткен.

24 тамызда Мәскеу маңында жастармен кездескен Лавров Ресей қарым-қатынасты жақсартуды "өзі тіленбесе де", "диалог орнатуға ашық" екенін айтты.

"Егер америкалық серіктеріміз өздері тоқтатып тастаған ынтымақтастық пен диалог орнату жолдарын қайта қалпына келтіруді ұсынғандай болса, онда біз оған келісеміз" деді Лавров.

"Америкалықтар бізге бұған дейін-ақ ондай байланысты қалпына келтіру жайлы белгі берген. Бірақ ол ишаралары аздап бұлыңғырлау болды" деді Ресей сыртқы істер министрі.

XS
SM
MD
LG