Accessibility links

Азаттықтың қамалған тілшісі отбасымен кездесе алмай отыр


Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі Сапармамед Непескулиев.

Азаттықтың Түркімен қызметінің тілшісі Сапармамед Непескулиев.

Азаттықтың Түркімен қызметінің қамауға алынған қызметкері Сапармамед Непескулиевтің туысқандары онымен "кездесе алмай жүргендерін" хабарлады. Журналистің анасы Райсина Непескулиева "шілдеден бері ұлына кіре алмағанын, тергеу изоляторы қызметкерлері оған тамақ әкелуге мүмкіндік бермегенін" айтады.

35 жастағы Азаттық тілшісі Непескулиев Каспий теңізі маңындағы Авазы қаласына барған кезінде жоғалып кеткен. Кейін туысқандары оның Авазы маңындағы Акдаш ауылында түрмеде отырғанын анықтаған. Изолятор басшылығы Непескулиевтен "есірткі таблеткалары табылғаннан кейін қамауға алғандарын" айтқан.

Журналистің туысқандары мен әріптестері тағылған айыпқа сенбейтіндерін, Непескулиевтің еш уақытта есірткі қолданбағанын мәлімдеді. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Түркіменстан билігінен Непескулиевті босатуды талап етті.

XS
SM
MD
LG