Accessibility links

Мектептерде үш пән қазақ тілінде оқытылады


Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

2016 жылдан бастап қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы және география пәні барлық орта мектептерде тек қазақ тілінде оқытылатын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

"Мемлекеттік тілді меңгеруге басымдық бере отырып, Қазақстандағы барлық мектептерде, оқу тіліне қарамастан қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы және география пәні тек қазақ тілінде оқытылады" деді министр.

Министрдің айтуынша, 2016 жылы қазақ және орыс тілдері де мектептерде 1-сыныптан бастап оқытылады.

Сәрінжіпов 2020 жылы Қазақстандағы мектептерде информатика, физика, химия, биология пәндері ағылшын тілінде оқытыла бастайтынын да айтқан.

XS
SM
MD
LG