Accessibility links

Дзю-дошы Жұмақанов - жартылай финалда


Елдос Жұмақанов.

Елдос Жұмақанов.

Астанада өтіп жатқан дзю-додан әлем чемпионатында 66 килограмм салмақта Елдос Жұмақанов жартылай финалға шықты. Ол Андреас Крассасты (Кипр), Хоуссем Халфауи (Тунис) мен Колин Оутисті (Ұлыбритания) және ширек финалда 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, моңғолиялық Тумурхулег Даваадоржды жеңді. Жұмақанов барлық қарсыласын иппонмен (таза жеңіс) ұтты. Жартылай финал Астана уақыты бойынша 17.00-де басталады.

Осы салмақта күрескен қазақстандық тағы бір балуан, 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Мұқанов бірінші айналымда Люи Корвальды (Франция) жеңе алмады. Белдесу кезінде Мұқанов қарсыласын қолмен шалмақ болғаны үшін жарыстан шеттетілді. Дзю-до ережесі бойынша спортшылар қарсыласын тек аяқпен шалып құлату керек.

52 килограм салмақта Олеся Куценко мен Линара Минғазова алғашқы белдесулерінде жеңіліп қалды.

XS
SM
MD
LG