Accessibility links

Испания мен Мароккода "ИМ-ге қатысты" күдіктілер ұсталды


Испаниядағы күдіктілерді ұстау операциясы. (Көрнекі сурет).

Испаниядағы күдіктілерді ұстау операциясы. (Көрнекі сурет).

Испания ішкі істер министрлігі бүгін Испания мен Мароккода Сирия мен Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы қатарына адам тартпақ болды деген күдікпен 14 адам тұтқындалғанын хабарлады.

Күдіктілер Мадрид маңы мен Марокконың бірнеше ауданында жүргізілген рейд барысында ұсталған. Тексеру мен ұсталғандарға қатысты толық ақпарат берілмеді.

Испания мен Мароккода соңғы бірнеше жылда "жиһадшы" және "экстремистік ұйымдарға содыр тартпақ болды" деген сезікпен ондаған адам ұсталған.

XS
SM
MD
LG