Accessibility links

Талғат Ермегияевті қамау мерзімі тағы ұзарды


«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.

«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Талғат Ермегияев.

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевті қамау мерзімі 12 қазанға дейін ұзарды деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Талғат Ермегияев 12 маусым күні Астана қаласының Алматы ауданы №2 сотының қаулысымен үй қамаққа алынған. Кейін мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оның "4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді" деген күдікке ілінгенін хабарлаған.

Тамыздың басында Астананың Алматы аудандық соты Ермегияевті қамау мерзімін 12 қыркүйекке дейін ұзартқан еді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың шілдесінде Талғат Ермегияевтың жұмысын сынаған еді. «EXPO-2017» кешені құрылысын жалғастыруға 2015 жылы ұлттық қордан бұған дейін жұмсалған 25 миллиард теңгеге қосымша 40 миллиард теңге бөлінген.​

XS
SM
MD
LG