Accessibility links

Ресейде украиналық режиссер 20 жылға сотталды


Киевтегі Олег Сенцов, Александр Кольченко және Алексей Черныйды қолдаған акция. Украина, 25 тамыз 2015 жыл.
Киевтегі Олег Сенцов, Александр Кольченко және Алексей Черныйды қолдаған акция. Украина, 25 тамыз 2015 жыл.

Ресейдің Дондағы Ростов қаласының соты украиналық режиссер Олег Сенцовты "терроризм" айыбымен 20 жылға, Қырым белсендісі Александр Кольченконы 10 жылға соттады.

19 тамызда өткен сотта мемлекеттік айыптаушы Сенцовті 23 жылға, Кольченконы 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Соттағы соңғы сөзінде Олег Сенцов басқыншылар соты әділтті бола алмайтынын" мәлімдеді.

Үкім оқылғаннан кейін Сенцов пен Кольченко Украина әнұранын орындады.

Сенцовқа "террорлық топ құрды", теракті жасауды жоспарлап, заңсыз жарылғыш зат иеленбек болды" деген айып тағылған. Бірақ Сенцов өзіне тағылған айыпты мойындамайды және қылмыстық іс саяси мақсатты көздейді деп санайды.

Сенцов пен өзге украиналық үш азамат Александр Кольченко, Алексей Черный мен Геннадий Афанасьев 2014 жылдың мамырында Ресей аннексиялап алған Қырым территориясында террорлық шабуыл жасамақ болды деген айыппен ұсталған. Бұған дейін олармен бірге ұсталған украиналық Алексей Черный мен Геннадий Афанасьев "террорлық ұйым құрамына кірді" деген айыппен жеті жылға сотталып кеткен.

XS
SM
MD
LG