Accessibility links

Ресей батысында әскери жаттығулар өтіп жатыр


Ресейдің "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыран кешені. (Көрнекі сурет)

Ресейдің "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыран кешені. (Көрнекі сурет)

Ресейдің әскери зымыран күштері елдің батысында жаттығу бастады. Ресей қорғаныс министрлігінің 25 тамыздағы ақпаратына қарағанда, "Ярс" және "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымырандарымен жарақталған 10 полк " елдің батысы мен орталық әскери округтерінде "әскери бақылау" мақсатында қарауыл жасаған.

Ал "Интерфакс" агенттігінің әскерилерге сілтеме жасап хабарлауынша, Псков пен Ленинград облыстарында артиллерия мен тікұшақтардың қатысуымен әскери жаттығу өтіп жатыр. Бұл екі облыс та Балтық бойы елдерімен шектеседі.

XS
SM
MD
LG