Accessibility links

Чехия арнайы қызметінің құзыреті күшейді


Чехия президенті Милош Земан.

Чехия президенті Милош Земан.

Чехияда елдің барлау қызметіне терроризм қаупі мен ұйымдасқан қылмыспен күресте ерекше өкілеттік беретін заң қабылданды.

25 тамызда президент Милош Земан қол қойған заң Чехияның арнайы қызметі мен барлау қызметіне қаржылық транзакцияларды, салық пен басқа да коммуникациялық операцияларды бақылауға кең мүмкіндік береді.

Арнайы қызметке ерекше өкілеттік беру туралы өтінішті Чехияның Қауіпсіздік және ақпараттық қызметі (немесе BIS) сұрап, солшыл коалициялық үкімет оны қолдаған.

XS
SM
MD
LG