Accessibility links

"ЭКСПО-2017" ісі бойынша Азамат Тұматаев күдікке ілінді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасының орынбасары болып істеген Азамат Тұматаев «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ұйымдастыруға бөлінген мемлекет қаржысын иеленіп кеткен деген күдікке ілінген. Бұл туралы Астана қалалық соты баспасөз қызметі хабарлаған.

Сот Тұматаевты қазанның 3-іне дейін қамауда ұстауға шешім шығарған.

Бұған дейін, биыл сәуірде Астананың Есіл аудандық соты Азамат Тұматаевты «Олимпиада қалашығындағы құрылысқа рұқсатнама бергені үшін бір миллион теңге пара алған» деп танып, биыл наурыз айында оған 60 миллион теңге айыппұл салу, дүние-мүлкін тәркілеу, мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан жеті жылға айыру туралы үкім шығарған.

Ақпан айында сот Азамат Тұрматаевты тұтқынға алуға санкция берген. Тамыздың басында оның адвокатының шағымын қараған апелляциялық сот алқасы Тұматаевты қыркүйектің 3-іне дейін тұтқында ұстау туралы шешімді күшінде қалдырған.

Азамат Тұматаев орынбасарлық қызметте болған кезде Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі төрағасы болған, кейін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарған Талғат Ермегияев қазір үйқамақта отыр. Оның үстінен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының 4 миллиард 200 миллион теңге қаржысын заңсыз иеленді» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған.

Тамыздың 25-і күні Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Талғат Ермегияевті қамау мерзімі 12 қазанға дейін ұзартылғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG