Accessibility links

KASE күндізгі сессиясында доллар 243,99 теңге болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы таңертеңгі сауда нәтижесінде бір АҚШ долларының бағамы 243,99 теңгені құрады.

Кеше, 25 тамызда биржада кешкі сауда сессиясы бір доллардың бағамы 239,35 теңге болып аяқталған.

Қазақстан үкіметі тамыздың 20-сы күні ұлттық валюта бағамының ауытқу шегін алып тастаған соң Қазақстан теңгесі бір күнде шамамен 30 пайызға құнсызданып, бір АҚШ долларының бағасы 198 теңгеден 255 теңгеге дейін қымбаттап кеткен еді. Кейін Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 218,61 теңгеге дейін төмендеген.

XS
SM
MD
LG