Accessibility links

Ресей мен НАТО-ны шиеленісті бәсеңсітуге шақырды


Балтық теңізінде барлау мәліметтерін жинап жүрген Ресейдің "Ил-20М" әскери ұшағын (жоғарыда) шығарып жіберу үшін қатарласа ұшып бара жатқан Ұлыбританияның "Тайфун" жойғыш ұшағы. Маусым, 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Балтық теңізінде барлау мәліметтерін жинап жүрген Ресейдің "Ил-20М" әскери ұшағын (жоғарыда) шығарып жіберу үшін қатарласа ұшып бара жатқан Ұлыбританияның "Тайфун" жойғыш ұшағы. Маусым, 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Бірнеше елдің бұрынғы сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлері Ресей мен НАТО-ны "аяқасты әскери жанжал туып кетпеу жолдарын" қарастыруға шақырды.

Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Игорь Иванов, Германияның бұрынғы қорғаныс министрі Волькер Рюэ мен Ұлыбритания, Франция, Испания және Түркияның бұрынғы қорғаныс министрлері теңіз бен әуеде қарым-қатынас орнату тәртібі бірінші кезектегі маңызды нәрсе екенін мәлімдеді.

Ресей мен НАТО Украинадағы дағдарысқа байланысты соңғы айларда құрлықта да, әуеде де әдеттегіден жиі әскери жаттығу өткізіп жатыр.

"Жағдайдың ушыққаны сонша, сәл ғана бір қате есеп немесе төтенше бір оқиға дағдарысты шиеленістіріп, тіпті тікелей әскери жанжалға ұрындыруы әбден мүмкін" делінген экс-министрлердің тамыздың 25-і күні European Leadership Network сараптама орталығы басылымында жарияланған мәлімдемесінде.

Лондонда орналасқан сараптамалық орталық Ресей мен НАТО мен және Ресей мен бейтарап Швеция және Финляндия әскери күштері арасында 66 "әскери жанжалға ұрындыра жаздаған төтенше оқиға" болды дейді.

XS
SM
MD
LG