Accessibility links

Ауғанстанда НАТО-ның екі сарбазы қаза тапты


Гильменд уәлаятындағы ауған армиясы сарбаздары мен НАТО әскерилері, Ауғанстан. (Көрнекі сурет)
Гильменд уәлаятындағы ауған армиясы сарбаздары мен НАТО әскерилері, Ауғанстан. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның оңтүстігінде ауған қауіпсіздік күштері киімін киген белгісіз екі адам НАТО-ның екі әскери қызметкерін өлтіріп кетті. Солтүстік альянс мәлімдемесіне қарағанда, белгісіз адамдар Гильменд уәлаятындағы әскери базада тұрған әскери көлікке оқ атқан. НАТО сарбаздары қарсы оқ атып, екеуінің де көзін жойған. Қаза тапқан сарбаздардың қай ел азаматы екені айтылмайды.

Ауған әскерилері немесе полициясы киімін кигендердің халықаралық күштер өкілдеріне оқ атуы Ауғанстанда бірнеше жылдан бері мәселе болып келеді. Сәуір айында да Гильменд уәлаятында осыған ұқсас оқиға болған.

"Талибан" қозғалысы әзірге шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ. НАТО ресми өкілдері мұндай шабуылдар көбінесе халықаралық коалиция күштеріне жеке жеккөрініштіліктен және өзара қарым-қатынастағы проблема салдарынан жасалады деп санайды.

НАТО-ның Ауғанстандағы әскерінің көпшілігі өткен жылы шығарылғанымен, шағын континггент, оның ішінде шамамен 10 мыңға тарта америкалық әскери әлі бар.

XS
SM
MD
LG