Accessibility links

Хадиджа Исмайылдың соты кейінге ысырылды


Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайыл
Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмайыл

Әзербайжандық журналист, Азаттық тілшісі Хадиджа Исмайылдың соты 31 тамызға қалдырылды.

26 тамызда Бакуде өтіп жатқан сотта судья Исмайылдың адвокаты Фариз Намазли сотты қайта өткізу туралы өтініш бергеннен процесті кейінге қалдыру тралы шешім шығарғанын жариялады. Бұған дейін Фариз Намазли прокурорлар Исмайылдың кінәсіз екенін дәлелдейтін құжаттарды қараудан бас тартты деп сотты қайта өткізуді сұраған.

21 тамыз күні өткен сот отырысында прокурор судьядан Хадиджа Исмайлованы «экономикалық қылмыстар жасағаны үшін» айыпты деп танып, журналисті 9 жылға бас еркіндігінен айыруды сұраған. Сотқа шетелдік елшіліктердің бірнеше өкілі ғана қатысып отыр. Билік тәуелсіз журналистер мен азаматтық белсенділерді сот залына кіргізбеген.

Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмайлова мен халықаралық құқыққорғау ұйымдары бұл қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды. Олардың сөзінше, Әзербайжан билігі елде жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы коррупция, соның ішінде президент Илхам Әлиев пен оның отбасы мүшелерінің күмәнді іс-әрекеттері туралы зерттеу мақалалар жазған журналиске қолдан жасалған айыптар тағып, жазалап жатыр.

Хадиджа Исмайлова журналистика саласы бойынша көптеген халықаралық сыйлықтардың иегері атанған.

XS
SM
MD
LG