Accessibility links

Болгарияға ротациямен АҚШ теңіз әскері барды


Болгариядағы әскери жаттығуға қатысып жатқан америкалық әскерилер. Маусым 2015 жыл.

Болгариядағы әскери жаттығуға қатысып жатқан америкалық әскерилер. Маусым 2015 жыл.

Болгарияға танктер, артиллерия мен бронды барлау көліктерімен АҚШ әскери теңіз күштері әскерилер жетті. Америкалық әскерилер мұнда одақтастарымен бірге әскери машықты жетілдіру, ауыр қару-жарақтан оқ ату жаттығуларын жасайды.

АҚШ теңіз жаяу әскері күштерінің хабарлауынша, 160 теңіз жаяу әскер мен танктер және артиллерия Болгарияның шығысындағы ең ірі Ново Село әскери базасына жеткен.

Әскери-теңіз күштері басшылары бұл әскери күш АҚШ пен НАТО-ның Шығыс Еуропадағы қауіпсіздікті күшейту әрекетіне септеседі дейді.

Қара теңіз ротациялық күштері АҚШ-тың Еуропадағы қолбасшылығына қарайды. Мұнда теңіз жаяу әскері мен теңізшілер жарты жылдық әскери ротациямен қызмет етеді. Қара теңіз ротациялық күштері Румынияның Қара теңіздегі Константа портына жақын Михаил Когэлничану әскери базасында орналасқан.

XS
SM
MD
LG