Accessibility links

Өзбек имамын атуға күдікті Швецияға экстрадицияланды


Өзбекстандық имам Обидхон қори Назаров.

Өзбекстандық имам Обидхон қори Назаров.

Қуғындағы өзбекстандық имам Обидхон қори Назаровты өлтірмек болды деген күдікті Өзбекстан азаматы Швецияға экстрадицияланды.

Швеция прокуроры Кристер Петерссонның айтуынша, халықаралық іздеу жарияланған күдікті қаңтар айында Мәскеуде ұсталған.

Петерссон 26 тамызда күдіктінің 25 тамыз күні кешке Швецияға экстрадицияланғанын хабарлады. Бірақ ол Швеция заңдарына сәйкес күдіктінің аты-жөні жарияланбайтынын айтты.

1990 жылдардың басында Орталық Азиядағы ең әйгілі имамдардың бірі болған Обидхон қори Назаров Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың ең ықпалды бәсекелестерінің бірінен аталады. Назаров 1998 жылы Өзбекстаннан кетіп қалғаннан кейін 2006 жылы Швециядан саяси баспана алған.

2012 жылы Швецияның Стромсунд қаласында Назаровқа қастандық жасалып, басынан оқ тиген. Назаров шабуылдан аман қалған. Бірақ Кристер Петерсон оқтан имамның миына зақым келгенін айтады.

Шабуылдан кейін Кристер Петерссон қастандық тасасында Өзбекстан арнайы қызметі тұруы мүмкін деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG