Accessibility links

АҚШ-та екі журналисті тікелей эфирде атып кетті


WDBJ7 телеарнасының журналистері Элисон Паркер (сол жақта) мен Адам Уард.
WDBJ7 телеарнасының журналистері Элисон Паркер (сол жақта) мен Адам Уард.

АҚШ-тың Вирджиния штатында тікелей хабар таратып тұрған жерінде WDBJ7 телеарнасының екі журналисін атып кетті.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, телеарна журналисі, 24 жастағы Элисон Паркер мен оператор, 27 жастағы Адам Уардты 26 тамыз күні таңертең Берфорд округінде тікелей хабар таратып тұрған жерінде атып өлтіріп кеткен.

BBC-дің ақпаратына қарағанда, журналистерді сауда орталығында сұхбат алып тұрған жерінде атқан. Сұхбат беріп тұрған адам аман қалған.

Жергілікті полиция оқиғаға қатысты тексеру басталғанын, күдікті іздестіріліп жатқанын хабарлады.​

XS
SM
MD
LG