Accessibility links

Тәжікстанда ресейлік екі әскери сотталды


Тәжік таксисті өлтірді деген күдікке ілінген ресейлік әскерилер Ильдар Сахапов пен Федор Басимов.

Тәжік таксисті өлтірді деген күдікке ілінген ресейлік әскерилер Ильдар Сахапов пен Федор Басимов.

Душанбеде тәжік таксисті өлтірді деп айыпталған ресейлік екі әскери сотталды.

Тәжікстандағы Ресей әскери базасының 109-гарнизоны бүгін 201-мотоатқыштар дивизиясында взвод басшысының орынбасары болған Федор Басимовты 17 жылға, бұрынғы әскери бөлім командирі Ильдар Сахаповты 13 жылға соттады.​

Айыптылар 2014 жылы тамызда таксист, 36 жастағы Рахимжон Тешабоев Душанбе маңында өлі күйінде табылғаннан кейін ұсталған.

Марқұмның денесіне жасалған сараптама оның өлгенге дейін азапталғанын анықтаған. Бұл оқиға жергілікті тәжіктер мен ресейлік әскерилер арасында шиеленісті күшейткен.

Тәжікстанда үш әскери базаны совет одағы кезінен бері ұзақ мерзімге жалға алған Ресейдің мұнда 7 мыңға жуық сарбазы бар.

XS
SM
MD
LG