Accessibility links

Министрлік: Жаңа оқулықтар интернетке жүктеледі


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан мектептерінде оқытылатын жаңа оқулықтардың барлығы интернетте арнайы порталға жүктеледі.

Министрліктің білім және ғылым саласын бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіповтың айтуынша, оқулықтар жүктелетін портал қыркүйектен бастап іске қосылады.

"Ресурс - дайын. Кез келген оқушы мен мұғалім порталға кіріп, қажетті оқулықты толық көре алады" деді Нүсіпов Астанадағы брифингте.

Тамыздың ортасында білім министрі Аслан Сәрінжіпов 94,7% оқулық жеткізілгенін мәлімдеген. Министрлік 2016-2017 жыдары мектептердің барлығын 100 пайыз оқулықпен қамтуды жоспарлайды.

XS
SM
MD
LG