Accessibility links

Борис Немцовтың қазасына жарты жыл толды


Мәскеу көпірі маңындағы Борис Немцов қаза тапқан жердегі оның суреті мен гүлдер.

Мәскеу көпірі маңындағы Борис Немцов қаза тапқан жердегі оның суреті мен гүлдер.

Ресей оппозициялық саясаткері Борис Немцовтың қастандықпен өлтірілгеніне бүгін жарты жыл толады. Осыған орай Мәсекудегі Сахаров орталығында еске алу шарасы өтеді.

Бір айдан бері Ресейде Борис Немцовтың қазасын халықаралық деңгейде тексеруге халықтан қол жинау шарасы жүріп жатыр. Бүгін петицияның электронды нұсқасы интернетте де жарияланбақ. Шараны жүргізіп жатқан белсенділер он мыңнан астам қол жинауды жоспарлап отыр.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Борис Немцовты ақпанның 27-і күні кешкісін Мәскеуде, Кремльге жақын маңда көпір үстінде атып кеткен.

Осы аптада Мәскеудің Басман соты Немцовтың өліміне қатысы бар деген күдікпен қамауда отырған ресейлік тергеу орындары Анзор Губашев, Хамзат Бахаев, Шадид Губашев және Тамерлан Эскерхановты қамауда ұстау мерзімін қарашаның 28-іне дейін ұзартқан.

Осы қылмыстық іс бойынша тағы бір адам – Шешенстандағы «Север» батальонының бұрынғы офицері Руслан Геремеев күдікке ілінген, бірақ ол Ресей аумағынан шығып кеткен деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG