Accessibility links

АҚШ Ресей парламенті спикерін елге кіргізбеді


Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко.

Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенко.

Ресей парламенті делегациясы Нью-Йоркте келесі аптада өтетін БҰҰ-ның парламентаралық шараларына қатыса алмайтын болды. Бұған АҚШ-тың Ресей Федерация кеңесінің спикері Валентина Матвиенкоға визалық шектеу қоюы себеп болған.

АҚШ өткен жылы Ресейдің Қырымды аннексиялап алуына қатысқаны үшін Матвиенконы санкция тізіміне қосып, елге кіруіне тыйым салған.

АҚШ-тың Мәскеудегі елшілігі Матвиенкоға виза шектеуі салынғанына қатысты түсінік бермеді.

Ресей сыртқы істер министрлігі шектеуді көпжақты шаралар мен форумдар өткізетін ел үшін "жөнсіз, кешіруге болмайтын" әрекет деп атап, соның салдарынан делегация сапарды доғарғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG