Accessibility links

Шымкентте қолөнер шеберлері көрмесі өтті


Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары. Шымкент, 27 тамыз 2015 жыл.

Көрмеге қойылған қолөнер бұйымдары. Шымкент, 27 тамыз 2015 жыл.

Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында «Оңтүстік көркі» атты қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өткен көрмеде Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан қолөнершілер мен қолданбалы өнер шеберлері жасаған туындылар қойылды. Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бауыржан Омарбековтың айтуынша, көрмеде шеберлердің көбі жасаған бұйымдарын қазақ тарыхымен байланыстырған.

«Басты мақсат – қолөнершілердің басын қосып, туындыларын көпшілікке таныстыру. Осы арқылы тарихымызды, салт-дәстүрімізді насихаттау. Өсіп келе жатқан ұрпақ бойына елге, жерге деген сүйіспеншілігін, құрмет сезімін ояту» дейді Бауыржан Омарбеков.

Көрме барысында облыстың әр аудан, қалаларынан келген шеберлер арасында байқау ұйымдастырылды. Қазылар алқасы шеберлердің ұлттық қолөнер бұйымдарының ерекшелігін көрсетуіне, сонымен бірге бұйымдардың киіз, ағаш, былғары сынды табиғи заттардан жасалғанына көңіл бөлді.

Көрме соңында «Ең үздік қолөнерші» және «Ең үздік кәдесый бұйымы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға бағалы сыйлықтар тапсырылды.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG