Accessibility links

Путин Қытайға сапарында бірнеше құжатқа қол қояды


Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай президенті Си Цзиньпин. Уфа, 10 шілде 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай президенті Си Цзиньпин. Уфа, 10 шілде 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин қыркүйектің 2-3-і күндері Қытайға сапармен барып, осы ел президенті Си Цзиньпинмен кездеседі деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Путин сапарында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қытайдың Жапонияны жеңгеніне 70 жыл толуына арналған шараларға қатысады.

Қытай мен Ресей басшылары кездесуінде энергетика мен басқа да мәселелерді талқылап, екі жақты 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Құжаттардың көпшілігі Си Цзиньпиннің Путинмен биыл мамыр айында және шілдеде Уфада кездесуінде жасалған келісімдерді іске асыруға қатысты.

Ресейдің Қытайдағы елшісі Андрей Денисов екі ел арасындағы ынтымақтастық "әлемдегі қауіпсіздікті сақтап тұрушы зор факторға әлдеқашан айналғанын" айтты. Оның сөзінше, Ресей мен Қытай Иран ядролық бағдарламасына, Сириядағы дағдарысқа, Корей түбегіндегі ядролық проблемаға, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен күреске қатысты мәселелерде "бір позицияны" ұстанған.

Пекинге сапарында Путин жеңіс салтанатына қатысатын өзге де елдер басшыларымен кездеспек.

XS
SM
MD
LG