Accessibility links

ИМ Түркиямен шекараға жақын аймақты басып алды


Сирияның әл-Карьятин қаласында жүрген "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары. 21 тамыз 2015 жыл.
Сирияның әл-Карьятин қаласында жүрген "Ислам мемлекеті" ұйымы содырлары. 21 тамыз 2015 жыл.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы Сирияның солтүстігінде сириялық көтерілісшілерден біраз жерді басып алғанын хабарлады. Ұйым мәліметінше, содырлар Сирияның солтүстігінде үш елді мекенді басып алып, ендігі Түркиямен шекарасынан оңтүстікке қарай 20 километр қашықтықтағы көтерілісшілер бақылауындағы Мареа қаласын қоршауға алған.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, ұйым содырлары сириялық көтерілісшілерден бес елді мекенді тартып алған. Олардың екеуі Сирияның Түркиямен шекарасына жақын орналасқан.

Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Кавусоглу 27 тамызда Reuters агенттігіне НАТО күштері таяуда "Ислам мемлекеті" содырларын шекаралық аймақтардан ығыстыру үшін "ауқымды шабуыл" бастайтынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG