Accessibility links

Грузияда НАТО әскери орталығы ашылды


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен Грузия президенті Георгия Маргвелашвили. Тбилиси, 27 тамыз 2015 жыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (сол жақта) пен Грузия президенті Георгия Маргвелашвили. Тбилиси, 27 тамыз 2015 жыл.

Грузияда бүгін Тбилиси түбінде НАТО-ның әскери дайындық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуында сөйлеген НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг жаңа база Грузияның альянсқа мүше болуына бір қадам жақындата түсетінін мәлімдеді.

Столтенбергтің сөзінше, әскери орталық өткен жылы қыркүйекте өткен саммитте келісілген Грузияның қорғаныс әлеуетін күшейту шараларының бір парасы ретінде ашылған. Орталықта НАТО қызметкерлері Грузия әскерилері мен офицерлерін теориялық және практикалық дайындықтан өткізеді.

Грузия премьер-министрі Иракли Гарибашвили орталық қандай да бір елге қарсы бағытталмағанын, бірақ "аймақтық қауіпсіздікке, бейбітшілік пен тұрақтылыққа" қолдау көрсететінін айтты.

Ресей сыртқы істер министрлігі НАТО әскери орталығының ашылуын "арандатушылық" деп атады.

2008 жылы тамызда Грузиямен болған қысқа мерзімдік әскери жанжалдан соң жікшіл екі аймақ - Абхазия мен Оңтүстік Осетияны "тәуелсіз" деп таныған Ресей Грузияның НАТО-ға кіруіне қарсы.

XS
SM
MD
LG