Accessibility links

Қанат Саудабаев мәжіліс депутаты болды


Мәжіліс депутаты Қанат Саудабаев.

Мәжіліс депутаты Қанат Саудабаев.

Бұрынғы мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев парламент мәжілісіндегі "Нұр Отан" партиясынан сайланған депутаттың босап қалған орнына депутат болып тағайындалды деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы (ОСК).

Қанат Саудабаев бұған дейін мемлекеттік хатшы, сыртқы істер министрі, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі болған. Ол соңғы рет "Назарбаев орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.

Қанат Саудабаевтың нақты қай депутаттың орнына тағайындалғаны туралы ақпарат жоқ.

XS
SM
MD
LG