Accessibility links

Оралда бұрынғы оқытушы наразылық танытып жатыр


Наразылық танытып, аштық жариялап жатқан оқытушы Наталья Черченко. Орал, 27 тамыз 2015 жыл.

Наразылық танытып, аштық жариялап жатқан оқытушы Наталья Черченко. Орал, 27 тамыз 2015 жыл.

Оралда университет оқытушысы Наталья Черченко жұмыстан шығарылғанына наразылық білдіріп алтыншы күн аштық жариялап жатыр. Ол өзін қайтадан жұмысқа алуды талап етеді.

Черченконың айтуынша, екі жыл бұрын жергілікті Қазақстан инновациялық технологиялық жүйелері университетінде (ҚазИИТУ) оқытушы болып жүргенінде білім және ғылым министрлігінің сайтына оқу орнындағы "коррупция фактісі" туралы жазған соң қудалау басталған. Университет басшылығы экокомика ғылымдарының кандидаты, 49 жастағы Черченкодан "өз еркімен жұмыстан кетуін" сұраған.

Оқытушы бұдан соң басқа жергілікті университеттерге жұмысқа орналасуға тырысқанын, бірақ "бюрократиялық кедергілерге" ұшырағанын айтады.

ҚазИИТУ ректоры Сайранбек Ахметовтің қабылдау бөлмесіндегі қызметкер Азаттыққа ректордың қолы бос емесін айтып, "ешқандай да комментарий бергісі келмейтінін" хабарлады. Ал Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі Черченконың байқаудан өтпей қалғанын мәлімдеді.

16 жастағы мүгедек ұлдың анасы Черченко дәрігерлер денсаулығын біліп тұратынын, өзін жұмысқа алмайынша аштықты жалғастыра беретінін айтады.

2015 жылдың басында облыс прокуратурасы жеке меншік бес оқу орнының қызметін тоқтатқан. Прокуратура "тексеру нәтижесінде оқу орындарындағы оқытушылардың жартысынан көбі іс жүзінде жұмыс істемейтінін" анықтаған.

XS
SM
MD
LG