Accessibility links

Австрия: Ондаған мигранттың мәйіті табылды


Австриядағы мигранттар мәйіті табылған жүк көлігі. 27 тамыз 2015 жыл.
Австриядағы мигранттар мәйіті табылған жүк көлігі. 27 тамыз 2015 жыл.

Австрия полициясы бүгін елдің шығысындағы Венгриямен шекараға жақын аймақта кемінде 20 мигранттың өлі денесі табылғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, мигранттардың ішінара бұзыла бастаған мәйіттері Венгриядан Австрияға келетін жолға қойып кеткен жүк көлігінің ішінен табылған.

Полиция қазір мигранттардың кім екені анықталып жатқанын және өлген мигранттың нақты саны 50-ге дейін жетуі мүмкін екенін айтады. Жүк көлігінің тіркеу нөмірі - венгриялық болған.

Австрия ішкі істер министрі Йоханна Микль-Ляйтнер мигранттар өлімін айыптаған мәлімдеме жасады. "Адам саудасымен айналысатындар - қылмыскерлер. Оларды босқындарға шынайы көмек көрсетеді деп әлі де ойлайтындар қатты қателеседі" деді Микль-Ляйтнер.

XS
SM
MD
LG