Accessibility links

Украина мемлекеттік қарызын азайтты


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Киев халықаралық кредиторлармен қарызының бір бөлігін кешіру туралы келісім жасасты.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюктің 27 тамызда хабарлауынша, келісімге сай инвесторлар Украина мемлекеттік қарызының 20 пайызын кешіріп, 18 миллиард АҚШ долларынан 15,5 миллиард долларға дейін азайтады. Қалған қарызды өтеу мерзімі 2019-2027 жылдарға шегерілмек.

Украина қаржы министрі Наталья Яресько Киев кешірілген 20 пайыз көлеміндегі қаржыны әлеуметтік мәселелерді шешуге және қорғаныс саласына жұмсайтынын мәлімдеді.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) басқарушы директоры Кристин Лагард келісім Украина билігі жүргізіп жатқан реформаларға қолдау болатынын және оның ХВҚ талаптарына сай екенін айтты.

Украинаның 3 миллиард доллар көлемінде еуро облигациясына ие Ресей Киевтің қарызын кешірмейтінін мәлімдеді. Украина жағы бұған дейін Ресейге де қарызын қайта құрылымдап, бір бөлігін кешіру туралы ұсыныс жасаған.

XS
SM
MD
LG