Accessibility links

Иранда Мұхаммед пайғамбар жайлы фильм шықты


Тегеран көшеcіндегі "Мұхаммед" фильмінің баннері.

Тегеран көшеcіндегі "Мұхаммед" фильмінің баннері.

Иран тарихындағы ең қымбат кинотуындылардың бірі – Мұхаммед пайғамбар туралы фильм прокатқа шықты. 171 минуттық көркем фильмнің бюджеті 40 миллион долларды құрайды, оны жартылай мемлекет қаржыландырған. Бұл фильмді түсіруге жеті жыл кеткен.

Фильм директоры Маджид Маджидидің айтуынша, шығарманың басты мақсаты – исламның зорлық-зомбылықтан ада, шынайы дін екенін көрсету.

Фильм трилогия ретінде түсірілмек. Алғашқы картина Канаданың Монреаль қаласындағы кинофестивальға қатысады. Фильмнің қалған екі бөлігінің түсірілу мерзімі әзірше белгісіз.

Бұл – Мұхаммед пайғамбар туралы түсірілген осымен екінші фильм. 1976 жылы тегі сириялық америкалық режиссер Мұстафа Аккад «Мұхаммед – Алланың елшісі» фильмін жарыққа шығарған.

XS
SM
MD
LG