Accessibility links

ЧЛ: "Астананың" келесі кездесулері белгіленді


"Астана" футбол командасының ойыншылары (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды).
"Астана" футбол командасының ойыншылары (Сурет "Астана" командасының баспасөз қызметінен алынды).

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан "Астана" командасы алғашқы матчын 16 қыркүйек күні Лиссабон қаласында (Португалия) "Бенфикаға" қарсы өткізеді. Ал 30 қыркүйек күні Астанада Түркияның "Галатасарай" командасын қабылдайды. 21 қазан күні Мадридте "Атлетикомен" ойнайды.

3 қараша күні Астанаға "Атлетико" келеді. 25 қараша күні "Астана" өз алаңында "Бенфика" клубын қабылдайды. 8 желтоқсан күні топтық кезеңдегі соңғы ойынын Стамбулда "Галатасарайға" қарсы өткізеді.

26 тамыз күні "Астана" клубы кипрлік АПОЭЛ командасымен Никосиядағы қарымта ойында 1-1 есебімен тең түсіп, екі ойынның қорытындысы бойынша 2-1 есебімен УЕФА-ның Чемпиондар лигасында ойнау мәртебесіне ие болған еді.

2015-2016 жылғы ЧЛ-нің маусымы 15 қыркүйек күні басталып, 2016 жылғы 28 мамыр күнгі финалымен бітеді. 32 команда әуелі төрт-төрттен сегіз топқа бөлініп ойнайды. Әр топта алғашқы екі орын алған командалар 1/8 финалға шығады да, ары қарай жеңгендері келесі кезеңге өтіп отырады.

XS
SM
MD
LG