Accessibility links

АҚШ Өзбекстанды ИМ-ге қарсы күш біріктіруге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Даниэль Розенблюм.

АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Даниэль Розенблюм.

АҚШ Өзбекстанды «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы коалицияға қосылуға шақырды.

Ташкентке арнайы іссапармен барған АҚШ мемлекеттік хатшысының Орталық Азия бойынша көмекшісінің орынбасары Даниэль Розенблюм ИМ-ге қарсы күреске қандай үлеспен қатысатыны туралы таңдау жасау Өзбекстан билігіннің еншісінде екенін мәлімдеген. Ол ИМ-ге қарсы күреске тек әскери жағынан емес, сонымен бірге «экстремистік топтың қаржы көздерін жою, шекарадан еркін өтуіне тосқауыл қою» да кіретінін атап өткен.

31 миллион халқы бар Өзбекстан – Ауғанстандағы «Талибан» қозғалысымен күресте НАТО-ның серіктесі болып табылады.

Сондай-ақ, Розенблюм мақта алқабындағы балалар еңбегіне қарсы күресте Ташкенттің жұмысын атап өтті және алдағы уақытта мақта теруде ересектердің жұмысын реттейтініне де сенім білдірген.

Мақта және алтын өндірістері Өзбекстан экономикасының елеулі бөлігін құрайды.

XS
SM
MD
LG