Accessibility links

Ахметов ісінде екінші эпизод қаралып жатыр


Серік Ахметов ісі бойынша сот. Қарағанды. 28 тамыз 2015 жыл.

Серік Ахметов ісі бойынша сот. Қарағанды. 28 тамыз 2015 жыл.

Қарағанды облыстық әкімшілік сотында Серік Ахметов ісіне қатысты сот бүгін қылмыстық істегі екінші оқиға бойынша жалғасты.

Сотта Қарағанды көшелерін жарықтандырумен айналысқан "СтальЦинк" кәсіпорнына қатысты оқиға қаралып жатыр. Тергеу қорытындысында Серік Ахметов "СтальЦинк" кәсіпорнын қолдап, тендерсіз мемлекеттік бюджетті алып бергені" айтылған. Серік Ахметов бұл айыпты мойындамай отыр.

Бұл сотта жәбірленуші ретінде Қарағанды қалалық әкімдігі шағым түсірген. Сотта куәгерлер қала көшелерін жарықтандыруға 500 миллион теңге (екі миллион доллар) "заң нормаларынан тыс берілгенін" айтты. Сотта куәгерлерді тыңдау жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG