Accessibility links

Астанада "Антигептил" белсенділерін полиция ұстады


«Антигептил» белсенділері ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:59 0:00

ВИДЕО: «Антигептил» белсенділері акциясы. Астана, 28 тамыз 2015 жыл.

Астанада бүгін «Антигептил» қозғалысы белсенділері Республика көшесіндегі киіктер мүсіндері қойылған фонтан жанына қарсылық акциясына шықты.

Белсенділер кеудесінде «Протон» зымыраны ұшырылған жылдар көрсетілген, арқасында «Келесі кім?» деген жазуы бар жейде киіп келді.

Қарсылық акциясына қатысушылар журналистерге сұхбат берген соң «Антигептил» газетін таратпақ болған еді, бірақ оларды полиция ұстап әкетті.

Акцияға қатысушылардың бірі Мақсат Ілиясұлы ұсталғандар Астанадағы Алматы аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

Биыл мамырда Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында, ресми мәлімет бойынша, Бетпақдала популяциясына жататын 150 мыңнан көп киік қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктердің қырылуына жұқпалы ауру себеп болуы мүмкін деген болжам жасаған. Бірақ кейбір белсенділер киіктер өліміне отынға улы зат – гептил пайдаланатын «Протон» зымыраны себеп болуы мүмкін деп санайды.

2015 жылы мамырдың 16-сы күні Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресей ұшырған «Протон-М» зымыран-тасығышы орбитаға жеткізбек болған MexSat-1 спутнигімен қоса әуеде жанып кеткені хабарланған. 2013 жылы 2 шілде күні Байқоңырдан ұшырылған ресейлік «Протон-М» зымыраны бірнеше секундтан кейін жерге құлап, жарылуы кейін Қазақстанда аса улы гептил отынымен ұшатын «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсылық шараларына ұласқан еді.

XS
SM
MD
LG