Accessibility links

Гватемала президентін отставкаға кетуге шақырды


Гватемала президенті Отто Перес Молина (оң жақта) мен АҚШ вице-президенті Джо Байден.

Гватемала президенті Отто Перес Молина (оң жақта) мен АҚШ вице-президенті Джо Байден.

Гватемала бас прокуратурасы ел президенті Отто Перес Молинаны елдегі саяси дағдарыс ушығып, тұрақсыздыққа ұласып кетпеуі үшін отставкаға кетуге шақырды.

Бас прокуратураның үндеуін Гватемаланың есеп палатасы мен Епископтардың ұлттық кеңесі де қолдап, президентті биліктен кетпесе оның салдарын "ешкім болжай алмайтынын" және "қоғамды теңселту" қаупі туатынын ескертті.

Гватемала астанасында мыңдаған адам қатысқан шеру өтіп жатқанына бірнеше күн болды. Шерушілер Молинаны елдің кеден қызметіндегі коррупциялық жанжалға қатысы бар деп айыптайды. Шеруге елдегі халықтың барлық тобы өкілдері қатысып жатыр. Демонстранттарға Гватемаланың сауда палатасы мен ірі бизнесмендер де қолдау білдірді.

23 тамыз күні ел алдында сөйлеген Молина коррупциялық жанжалға қатысы барын жоққа шығарып, отставкаға кетпейтінін мәлімдеген. Соңғы бір аптада 13 министрдің бесеуі мен бірнеше вице-министр қызметін босатқан.

XS
SM
MD
LG