Accessibility links

Ресей экс-депутаты өліміне қатысты үкім шықты


Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Михаил Глущенко сотта отыр. Санкт-Петербург, 21 тамыз 2015 жыл.

Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Михаил Глущенко сотта отыр. Санкт-Петербург, 21 тамыз 2015 жыл.

Санкт-Петербург соты бүгін мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Михаил Глущенконы 1998 жылы "Демократиялық Ресей" партиясы төрағаларының бірі Галина Старовойтованы өлтіруді ұйымдастырды деп айыптап, 17 жылға соттады.

Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Старовойтованың өліміне қатысы бар деген айып Глущенкоға 2013 жылы тағылған. Биыл наурызда Глущенко тергеушілерге Старовойтованы өлтіруге тапсырысты бизнесмен Владимир Барсуков берген деп мәлімдеген. Глущенконың айтуынша, тапсырыс беруге Старовойтованың Барсуковтың "коррупцияға шатылған бірнеше шенеунікпен байланыс орнатуына кедергі келтіруі" себеп болған.

Старовойтованы 1998 жылы 20 қарашада Санкт-Петербургтегі пәтерінде басынан атып кеткен. 2005 жылы Санкт-Петербург соты Старовойтованың өліміне қатысы бар деп екі адамды 20 және 23 жарым жылға соттаған.

Барсуков бұған дейін басқа бір кісі өлімі бойынша сотталып, кейін босатылған.

XS
SM
MD
LG