Accessibility links

Қытайда сотталған бес қазақстандық қайтарылды


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Қытайда сотталған бес қазақстандық Қазақстанға этаппен жеткізілді деп хабарлады бүгін бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокуратура ақпаратына қарағанда, Қытай соты бес қазақстандықты есірткі және сирек кездесетін жануарлар контрабандасымен айналысты деген айыптармен түрлі мерзімдерге соттаған.

Қытай мен Қазақстан 2011 жылы ақпанда екі ел құзырлы органдары арасында сотталғандарды беру туралы келісім жасасқан. Бас прокуратура сотталғандар олардың жазасын Қазақстанда өтеу туралы өтініші бойынша әкелінгенін және жазасының қалған бөлігін Қазақстан заңдары бойынша өтейтінін айтады.

XS
SM
MD
LG