Accessibility links

Қазақстан мен Сербия бірнеше құжатқа қол қойды


Сербия президенті Томислав Николич.
Сербия президенті Томислав Николич.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада сапармен келген Сербия президенті Томислав Николичпен кездесіп, екі жақ арасында бірнеше құжатқа қол қойылды.

Ақорданың хабарлауынша, кездесуде президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты байланыстарды талқылаған. Назарбаев пен Николич бұған қоса халықаралық кейбір мәселелер жөнінде де пікір алмасқан.

Кездесуден соң Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасында халықаралық автомобиль қатынасы туралы, қосарлы салық салуды және жан басына салынатын салық пен капиталға салынатын салықтан жалтаруды болдырмау туралы құжаттарға қол қойылған.

XS
SM
MD
LG