Accessibility links

Байқоңырдан "Протон-М" ұшырылды


"Протон-М" зымыран тасығышының мексикалық MexSat-1 спутнигін алып ұшатын сәті. Байқоңыр, 16 мамыр 2015 жыл.
"Протон-М" зымыран тасығышының мексикалық MexSat-1 спутнигін алып ұшатын сәті. Байқоңыр, 16 мамыр 2015 жыл.

Бүгін Байқоңырдан ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы ғарышқа Inmarsat-5F3 байланыс спутнигін алып ұшты.

Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, "Бриз-М" үдеткіш блогы бар "Протон-М" айлақтан Астана уақыты бойынша сағат 17:44-те ұшырылған.

Inmarsat-5F3 пен үдеткіш блок әуелі зымыран тасығыштан ажырайды, одан кейін спутник үдеткіш блоктың өзінен ажырап, ғарышқа шығады. Спутник ғарышқа 29 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 03:15-те шығады деп жоспарланып отыр.

Бүгін Астанада "Антигептил" қозғалысының он шақты белсендісі Республика көшесіндегі киіктер мүсіні қойылған ескерткіш жанында "улы гептил отынын жағады" деп "Протонның" ұшырылуына қарсылық акциясын өткізген. Акцияға қатысушылар журналистерге сұхбат берген соң «Антигептил» газетін таратпақ болған еді, бірақ оларды полиция ұстап әкетті.

2015 жылы мамырдың 16-сы күні Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресей ұшырған «Протон-М» зымыран-тасығышы орбитаға жеткізбек болған MexSat-1 спутнигімен қоса әуеде жанып кеткені хабарланған. 2013 жылы 2 шілде күні Байқоңырдан ұшырылған ресейлік «Протон-М» зымыраны бірнеше секундтан кейін жерге құлап, жарылуы кейін Қазақстанда аса улы гептил отынымен ұшатын «Протон» зымырандарын ұшыруға қарсылық шараларына ұласқан.

XS
SM
MD
LG