Accessibility links

ҚТЖ: Қызметкерлердің жұмыс сағаты азаймайды


"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бас кеңсесі, Астана. (Көрнекі сурет).
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының бас кеңсесі, Астана. (Көрнекі сурет).

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы жұмысшыларының жұмыс сағатын азайтпайтын болды деп хабарлады бүгін компанияның баспасөз қызметі.

"Қазақстан темір жолының" бұған дейін теміржолда тауар айналымы азайып, табыстың кемуіне байланысты қыркүйек айынан бастап теміржол жұмысшыларының жұмыс сағатын азайтатыны хабарланған.

Компания енді жұмыс сағатын қысқарту жоспарынан бас тартуды теңге бағамының еркін айналымға жіберілуімен түсіндіреді. "Бұл шешім отандық тауардың сыртқы нарықта бәсекеге қабылеттілігінің көтерілуіне және осының әсерінен экспорт пен транзиттік жүк тасымалы көлемі артады деген болжамға негізделіп отыр" деген компания таратқан хабарламада.

Қазақстан үкіметі 20 тамызда теңге бағамын еркін айналымға жіберген соң теңге құны шамамен 30 пайызға арзандаған.

XS
SM
MD
LG